Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Алматы облысы, Іле ауданы, Көкқайнар ауылындағы Бердібек Соқпақбаев атындағы №53 орта мектеп пен біздің колледж арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бұл келісім:
- мектеп оқушыларына кәсіптік бағыт-бағдар беруді жандандыруға,
- техникалық және жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға,
- колледж бен мектеп арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған.