Біздің колледждің оқытушылары техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасында өткен Қалалық кәсіби шеберлік конкурсында жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
Ахмеди Гүлдана – «Киберқауіпсіздік» құзыреттілігі бойынша 2-орын. Сарапшы – Оршыбек Аружан.
Абишер Ернар – «Алгоритмдік және жобалық бағдарламалау» құзыреттілігі бойынша 2-орын. Сарапшы – Нұрлибаева Рушана.
Аджан Серікболсын – «Web әзірлеу» құзыреттілігі бойынша 3-орын. Сарапшы – Рүстем Тайжан.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Сіздерге алдағы уақытта да үлкен жеңістер мен жаңа жетістіктер тілейміз!