ФОРСАЙТ-СЕССИЯ

ФОРСАЙТ-СЕССИЯ

29-сәуірде Инновациялық техникалық колледжде IT бағыты бойынша Алматы қаласының жаңа кәсіптер Атласы бойынша форсайт-сессия өтті.
Қатысушылар еңбек нарығының перспективалық бағыттарын, экономика мен технологиялардың дамуын айқындайтын ақпараттық технологиялар саласындағы болашақтың сұранысқа ие дағдылары мен кәсіптерін талқылады, Алматы қаласының жаңа кәсіптері мен құзыреттерінің Атласына талдау жүргізілді.
Форсайт-сессияға қатысушылар Алматы қаласының жаңа кәсіптер мен құзыреттер Атласының білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының өзгермелі талаптарына бейімдеудегі маңыздылығын атап өтті.
Ақпараттық технологиялар саласындағы Алматы қаласы үшін жаңа кәсіптер Атласы форсайт-зерттеулер, сарапшылармен сұхбат және сала мамандарының сауалнамасы негізінде әзірленген стратегиялық болжам болып табылады.
IT саласына талдау жасау аясында негізгі бағыттар белгіленді. Олардың бірі жасанды интеллектті жетілдіруді және нейрондық желілерді енгізуді қамтитын бағдарламалық жасақтаманы дамыту.
Қатысушылар техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің Классификаторы жаңа біліктіліктер енгізу туралы және білім беру бағдарламаларын жаңа талаптарға бейімдеу бойынша ұсыныстар әзірледі.

news290425.jpeg

Байланыс

050040 Алматы қ., Абай даңғылы 52 г

+7 775 281 89 11 +7 707 259 09 63

+7 727 313 21 17

+7 727 313 21 18

Сенім телефоны +7 727 313 21 18

Виртуалды арыз-шағым кітабы: info@intc.kz

© Copyright 2019 Инновационный Технический Колледж. Все права защищены. Сайт создан выпускниками "МУИТ":APPLE CITY CREATIVE
Много шаблонов Joomla на JooMix.org